Center Image
IHSAN.KZ
Құрбан айт қабыл болсын

Мұсылман жұртшылығының асыға күткен қасиетті мерекесі Құрбан айт биыл 15-ші қазан айына келді. Қарағанды қалалық «Бала кажы» мешітінде таң ата мешітке Құрбан Айт намазына жиналған жамағаттан мешіт іші лық толды. Бас имам Махмұд қажы Нұрұлы Құрбан шалудың қасиеті туралы уағыз-насихат айтып, Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түсетіндігін нақты айтып кетті. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері күллі мұсылман жұртшылығын бір-біріне жанашыр болуға, қамқорлық жасауға, қиналғандарға көмектесуге, жағдайы нашарларға қарасуға, өзара мейірімді болуға шақыратынын айта келе, Аллаһ тағала сондай ізгі амалдар жасауды баршаңызға нәсіп етсін деп тілегін білдірді. Кейін айт намазы оқылып, Құран бағышталды. Сондай-ақ арнайы Айт намазына келген Октябрь ауданының әкімі Ержан Оралұлы барша қауымды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер дегендей, аталарымыздың баталарынан соң Мешіт сыртында жамағаттарға жайылған ақ дастарханнан дәм татылып, барша қауым құрбан шалуға беттеді. Аллаһ тағала баршаңыздың шалған құрбандықтарыңызды қабыл етсін!

[gallery link="file" columns="4"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz