Center Image
IHSAN.KZ
Құрбан айт құлшылықпен басталды
Құрбан айт құлшылықпен басталды

Құрбан айт құлшылықпен басталдыҚұрбан айт - барша мұсылман қауымның ұлық мерекесі! Мұсылмандардың басқадан ерекшелігі мейрамды құлшылықпен бастайтынында. Биылғы ұлық мерекенің алғашқы күні күнделікті таң намазымен басталып, артынша қасиетті Ясин сүресі оқылды. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы құрбан айттың маңыздылығы, қадір-қасиеті жайлы жарты сағат уағыз айтты. Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Түйтейұлы жамағатты мейраммен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Құрбан айт құлшылықпен басталдыАйт намазына келген жамағатта есеп жоқ. Мешіт ішінде ине шаншар орын болмады. Халықтың асыл дінімізге деген құрметінің жыл санап артып келе жатқанын көріп көзіміз тойып, жанымыз жадырап қалды. Намаз оқылып, тасбих тартылып, құран бағышталған соң келген жамағат мешіт жанынан арнай тігілген палаткаларда жайылған дастарханнан айттық дәм ауыз тиді! Құлшылығын орындап Алла үйінен ажарланып шыққан халық құрбандық шалуға бет алды.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz