Қазан айының 13 күні Құрбан айт мейрамына байланысты мешіт жамағаты арасында шағын футболдан қалалық турнир өтті. Турнирге қаламыздағы орталық, №1-ші және «Бала қажы» мешітінің жамағаты қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы мен Қарағанды облысы бойынша дін істер басқармасының бастығы Нұркенов Қайрат Қаршығаұлы қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Жарыс қорытындысы бойынша І-ші орынға №1-ші мешіт, ІІ-орынға орталық мешіт, ІІІ-орынға «Бала қажы» мешіті ие болды. Жеңімпаздарға арнайы кубоктар мен кітаптар табыс етілді. Сонымен қатар бұл игі бастаманы әр тоқсан сайын, облыстық деңгейде өткізу жоспарға қойылды.[gallery link="file" columns="4"]
Құрбан айтқа арналған турнир өтті
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы