Center Image
IHSAN.KZ
Назарбаев оқушылары мешітке келді
Назарбаев оқушылары мешітке келді

Назарбаев оқушылары мешітке келдіҚазан айының 10-шы жұлдызында қаламыздағы Назарбаев зияткерлік мектебінің бір топ оқушысы және мектеп мұғалімдері облыстық орталық мешітіне арнайы экскурсия жасады. Мешіт қызметкері Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы жас жеткіншектерді қарсы алып, отыз баланың көкейінде жүрген сан алуан сауалдарға жауап берді. Сұрақ-жауап барысында балалардың құрбан айтқа деген қызығушылығы зор екені аңғарылып, намаз, құран үйренгісі келетіндерін айтты. Араларында намаз оқитындары да бар екен. Экскурсия Назарбаев оқушылары мешітке келдісоңында алған әсерлерімен бөліскен оқушылар мен мұғалімдер алдағы уақытта да Алла үйіне келетіндерін қуанышпен жеткізді. Елбасымыздың атындағы еңселі ордада елінің ертеңіне алаңдайтын иманды ұрпақ тәрбиеленіп жатқанын көріп біздің де көңіліміз марқайып қалды!


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz