Center Image
IHSAN.KZ
Өкіл имам арнайы сұхбат өткізді
Өкіл имам арнайы сұхбат өткізді

Өкіл имам арнайы сұхбат өткіздіАсыл дінімізді кеңінен насихаттау барысын күнтәртібінен түсірмейтін өкіл имам Өмірзақ қажы бұқаралық ақпарат құралдарын тиімді пайдаланып келеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с-ның бекітіп берген мұсылманның екі мерекесінің ұлығы құрбан айтының қадірі мен қасиетін, оның шарттарын, айт күнгі атқаратын әдептерді, тәкбір-ташриқ айтудың тәртібі секілді негізгі тақырыптарды Қарағанды қалалық «5-арна» телекомпаниясының «Ислам. Сауалдар мен жауаптар» діни-танымдық бағдарламасында насихаттады. Айта кету керек, осы бағдарламаның тұрақты өткізіліп тұруы да өкіл имамның басты назарында тұрады. Биылғы құрбан шалудың жергілікті халық үшін тиімді тұсы сол, құрбан шалынатын орын қала іргесіндегі «Арай KZ» ет комбинатында өтеді. Бұл орын халал сертификатын алған және жыл сайын қасиетті рамазан айында өз өнімдеріне 10 пайыз жеңілдік жасап отырады. Осы жайттардың барлығын халық назарына телеарна арқылы ұсынған өкіл имамның кезекті сұхбаты облыстық баспасөз мәслихатымен жалғасты. Оған қалалық мешіттердің бас имамдарын Нуров Махмуд, Құнанбаев Орманбетті қатыстырды. Өмірзақ қажы екі тілде өткен баспасөз конференцияда Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің құттықтауын елге жеткізіп, құрбан айт пен құрбанға мал шалудың тәртіптерін егжей-тегжей түсіндірді. Тілшілердің осы тұрғыда қойған сұрақтарына жан-жақты жауап берілді. Қасиетті жұма күні екі бірдей елеулі істі еңсерген өкіл имам, игі істерді жалғастыру үшін Бас мүфтидің айт мерекесін тәрбиелік мәнде, салт-дәстүрмен сабақтастырып өткізу турасында жүктеген міндеттемелерін басшылыққа алып, салауатты өмір салтына бейімдейтін спорттық шаралар өткізуге жоспар жасап, оған мұсылман жамағаттарын тартты.

Қарағанды облыстық мешітінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz