Қарағанды облыстық орталық мешітінің жанынан құрылған үгіт-насихат тобының мүшесі, облыстық орталық мешітінің наиб имамы Карсембай Дархан қазан айының 11 күні Шет ауданы Жұмыскер ауылындағы мешітте жұма намазына жиналған жұртшылықпен кездесіп, алдымызда келе жатқан қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап және сол құрбан айт күні шалынатын құрбанның тәртібі және сауаптылығы жөнінде уағыз айттты. Құрбан айт күні шалынған құрбанның етін, жетім-жесірлерге, жағдайы төмен отбасыларға және мұқтаж адамдарға таратылуын ескертті және сауаптылығын айтты. Үгіт-насихат тобына, жиналған жұрт ризашылығын білдіріп, ауыл ақсақалдары баталарын беріп шығарып салды.
Уағыз-насихат тобы Жұмыскер аулында
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы