Center Image
IHSAN.KZ
Мешітіміз жөндеуден өтуде
Мешітіміз жөндеуден өтуде

Мешітіміз жөндеуден өтудеМұсылман жамағаты ғибадат ететін, Жаратқан Иемізге құлшылық ететін мешітіміздегі күрделі жөндеу жұмыстарын көріп, бұл істі атқарып жатқан қала әкімдігі мен жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жомарт азаматтарға, сондай – ақ, мекеме басшыларына дән ырза болдық. Қайырымды жандардың қолдауымен мешіт ғимаратының сырты мен ішіне, асханасына, сонымен айналасындағы қорғандарына шейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жиһаздармен толықтырылуда.

Мешітке барсаңыз сырты сәулет өнерінің талабына сай мраморлы шыны тастармен қапталғанын, кіреберістегі табалдырығы тратуорға төселетін плиткалы кірпіштермен қашалғанын көріп, сүйсінесіз. Ондағы Аллаға сенімділікті арттыруға, құлшылық етуге, ғибадат жасауға үндейтін баннердегі жазулардың жарасымдылық пен әсемділікті айқындап тұрғандығын аңғарасыз. Иә, бұл әдемілік пен әсемділік қайырымды жандардың мейірімділігі, адамгершілігі арқылы бой көтергеніне көз жекізесіз.

Құран Кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде - кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла аз жақсылыққа, көп сауап беруші кеңпейіл, жазалауға асықпайды»,- дейді. Алла тағала берген мал-мүлікті жақсылыққа, қайырымдылыққа жұмсаған адам мол сауапқа ие болады екен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ақиқат байлық - мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық - кеңпейілділік, қайырымдылық»,- деген.

Қаламыз мешітіне бас имам болып нұралық азамат Қоныскерей Құмарұлы келгелі бірқанша игілікті іс атқарылды. Бас имам Алланың үйі саналатын мешітімізге қайырымдылық танытқан қала әкіміне, НОММ зауыты ЖШС және «Шахтинская» шахтасы басшылықтарына, жеке кәсіпкер М.Қадыроваға, Ислам дінін қадір тұтатын тағы басқа да көмек қолын созған жандарға шексіз ырзалығын білдірді. Сонымен қатар, мешіттің иман жолындағы азаматтары тарапынан ғибадат ететін орын мен асхана бөлігі қазіргі заманауи өрт қауіпсіздігі жабдықтарымен қамтамасыз етілді.

А.Тұржанов


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz