Center Image
IHSAN.KZ
Мұқтаждарға қамқорлық жасалды
Мұқтаждарға қамқорлық жасалды

Мұқтаждарға қамқорлық жасалдыАлла тағаламызға шүкір, имандылық пен тақуалық жолында жүріп, жағдайы төмен отбасыларының әл – ауқатын жақсартуға атсалысып келетін қаламыздағы «Нұр» мешітінің бас имамы Қ.Құмарұлының басшылығында осы күнге дейін көптеген қайырымдылық акциялары өткізілді. Атап айтқанда, қасиетті Рамазан айының басталар алдында қала мешітінде 100 – ден аса бүлдіршіндер тегін балмұздақ жеп, үрлемелі батуттарда ойнағаны естерінен кетпесе керек... Қайырымдылық ісі тағы міне, жалғасын тапты. Шахтинск қаласының бас имамы және өкіл имам Н.Байкешев Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғибратты өсиеттерін насихаттаумен бірге мұқтаждарға қамқорлық жасап, жомарттық танытып, қала тұрғындарының ризашылығы мен алғысына бөленді. Жуырда 8 аз қамтылған отбасыларына азық – түлектей (тамақ майы, ұн, күріш, қант, тағы басқа) қолдау көрсетсе, 4 жағдайы төмен жаұялардың балаларына оқу – құралдарын, тағы басқа қажеттілігін сатып алу үшін 5000 теңгеден үлестіріп, қаржылай көмек қолын созды. Ұлы ойшыл Аристотель: «Халыққа қызмет етіп, жақсылық жасау үшін ғаламды төңкеріп бай болып немесе күллі адамзатты басқарып, патша болуымыз міндетті емес», - депті. Расында да адамға жақсылық жасап, қамқорлық көрсетуің үшін бай болуың шарт емес. Тек иманды, адамгершілікті, кең пейілді болуың керек. Тұла бойларында осындай Алла берген асыл қасиеттері тұнып тұрған, адамзат баласына түзу жол сілтеп, ізгілік пен парасаттылыққа баулитын, өзгелерге қайырымдылық жасай білетін азаматтар Жаратқан Иеміздің сүйіспеншілігі мен шапағатына бөленері хақ.

А.Тұржанов


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz