Исламның бес парызының бірі – қажылық. Мұсылман баласының асыл арманы саналатын міндетті өтеу үшін үлкен дайындық қажет. Қазан айының төртінші жұлдызында Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Үңірек ауылына ҚМДБ-ның уағыз-насихат тобы арнайы ат басын бұрды. Облыстық орталық мешітінің наиб имамы Жақия Мерей жұма намазын өткізіп, қажылыққа бару және оның қадір-қасиеті туралы уағыз айтты. Ауыл жастары мен тұрғындарына қажылық сапарының мән-мағынасы мен сауабы туралы кеңінен тарқатқан насихатшы топтың игі ісінің маңызы зор. Жүздесуде ауыл тұрғындары көкейде жүрген сауалдарына мардымды жауап тауып, риза болып тарқасты. Мұндай сапардың өздері үшін аса қажет екендігін ықыласпен атаған ауыл тұрғындары мешіт қызметкерлеріне шын жүректен алғыстарын жеткізді.
[gallery link="file" columns="4"]Ауыл тұрғындарына уағыз айтты
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы