Center Image
IHSAN.KZ
Ізгі істер жалғасуда

Асыл дініміз адамзат баласын тек игілікті істерге: жақсылық жасауға, асыл Дініміз Исламның қанат жаюына әрбір мұсылманның үлес қосуына шақырады. Қалаларымыз мешіттермен, мешіттеріміз жамағаттармен көркейіп жатса нұр үстіне нұр емес пе. Алланың үйі мешітіміз, мұсылманның құлшылық жасайтын бірден бір ғибадат орны. Қазіргі таңда Қарағанды қалалық Бала қажы мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары өрбуде. Алла шүкүр жаңа имам келгелі мешіт іші сырты жаңартылып жамағат ризалығын білдіріп жатыр. Мешіт асханасы, құран оқу бөлмесі, мешіттің кіреберісіне жаңа кафель төселінді. Сондай-ақ мешіт сыртынан әйел жамағаттарына арнайы мешітке кіру жағыдайы жасалынды. Иншаллаһ жүрек қуантарлық жұмыстар әлі де болса жалғасады.

[gallery link="file" columns="4"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz