Қазақстан халқының басым бөлігін жастар құрайды. Дәлірек айтқанда, олардың саны 4 млн. 600 мың. Алматының әрбір бесінші тұрғыны студенттер деген деректер де бар. Осы ретте жасөспірімдерге дұрыс діни насихат жеткізу де аса маңызды іс. Осынау уақыт жүгін сезініп, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей тапсырмасымен Жастар бөлімі ашылған болатын.
Жуырда ҚМДБ ның Қарағанды облысы, Балқаш қаласының наиб имамы Түсіпбеков Асылхан қажы қатысуымен №5 мектеп мұғәлімдері мен 8-9 сынып оқушыларының дөңгелек үстелі өтті. Кездесуде бүгінгі жастардың ахуалына үңіле отырып, жастарымыз қалай өсіп келеді? Не нәрсеге еліктейді, не нәрседен бой тартады? Ұлттық болмысымызға деген жанашырлығы қандай? Алқалы жиында осы секілді мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды. Пікір алмасулардың соңы нақты шараларға ұласты. Жастар бөлімінің өңірлердегі өкілдеріне ұлағатты ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру мақсатында іс-шаралар, кездесулер өткізу жөнінде тапсырмалар жүктелді.
Жастармен кезесу
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы