Center Image
IHSAN.KZ
Тәрбие тал бесіктен басталады

Ислам жаһандағы барлық жанға тыныштық пен қайырым, әділдік пен жақсылық тілейді. Ол адам баласын жақсылық пен игілік дәнін себуге, ата-анаға мейірімді, әдепті болуға шақыратын нағыз гуманизмге толы дін. Ата-бабамыз өз ұрпақтарына адамгершілік қасиеттерді дәріптеп, жалпы адамдық құндылықтарды құрсақтан бастап келешек ұрпақ бйына сіңіріп тәрбиелеген. Халқымыздың да салт-дәстүрлері адамды адамгершілікке, ізеттілікке, имандылыққа, сыйластыққа тәрбиелейтін адамдық құндылықтарға өте бай. Осы тұрғыда қалалық №1-мешіттің наиб имамы Хайролла Жақияұлы №66 мектептің оқушыларымен кездесу өткізіп, тәрбиелік мәндегі уағыз насихат жұмыстарын жүргізді. Жастарымызға жат ағымдардың ара-жігін ажыратып, Отанды сүю, адамгершілік құндылықтар жайлы кеңінен әңгімеледі. Алла қаласа, осы айдың ішінде қаламыздағы төрт мектепте осы мақсатта кездесу өткізу жоспарланды.

[gallery link="file" columns="4"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz