Мешіт - исі мұсылман қауымының бас иіп барша әлемдердің Раббысы болған иемізге мінәжат жасайтын құттыхана мекен. Мешіттердің таза, жамағаттың құлшылық жасауына қолайлы болуы құптарлық іс. Бүгінгі уақыт талабына сай салынған мешіттердің қатарындағы №1-мешіттің ішіндегі әйелдер намазханасына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бас имам Орманбет қажы хас шеберлерді қатыстырып, қосалқы залдың қазақы нақыштармен безендірілуін және жайлы болуын мешіттің шаруашылық жұмыстарына қатысты жоспарына енгізді. Аталмыш жөндеу жұмыстары алдағы уақытта сынып бөлмелерін безендірумен жалғасын табады.
[gallery link="file" columns="4"] Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметіИгі істер иірімдері жалғасып келеді
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы