Center Image
IHSAN.KZ
Бас Мүфти: Дін насихаты мешіт қабырғасымен шектелмеу керек

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің Қарағанды облысына іс-сапары мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Теміртаудағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығындағы экспозициялармен танысудан басталды. Мұражай жәдігерлерімен танысқан дінбасы осы ғимараттың конференция залында 200-ге жуық Теміртау қаласының студенттерімен кездесу өткізді. Дінбасы Қазақстанда діни жұмыстардың бүгінгі таңда замана талабына сай сапасы көтеріліп, сан-салалы бағыт алып отырғанын атап көрсетті. Мүфти діни уағыз, үгіт-насихат тек мешіттерде ғана шектелмей салмақты әрі кең аудиторияларда айтылып, интернет пен ғылыми-ақпараттық жетістіктерді қолдана отырып ақпараттық кеңістіктерде жүргізілу керектігін алға тартты. Еліміздің болашағы жастардың діни дүниетанымы мен асыл дінімізді сауатты да саналы түрде тануына, адасқан ағымдардың арбауынан сақтанудың сара жолдары турасында кеңінен әңгімеледі. Студенттер Бас мүфтиге өздерімен кездесуге уақыт тауып келгеніне алғыстарын айта келіп, сауалдар қойып толыққанды жауаптар алды.

[gallery link="file" columns="4"]   ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz