1998 жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде «Отбасы күні» деп жарияланғаны белгілі.
Аталған мерекені уағыз-насихат шаралары барысында пайдаланудың маңызы өте зор. Себебі, асыл дініміз де қоғамдағы жанұя шаттығына аса мән берген.
Осыған орай, а.ж. қыркүйек айының 27-cы күні Балхаш қаласындағы №9 мектепте «Ата
–ананын отбасындағы рөлі» тақырыбнда Балхаш каласынын бас имамы Аманжолов Марат кажынын жане мектеп директоры Аби Гулден Кенбайкызы қатысуымен келелі жиын болып өтті.
Жиналыс барысында негізінен қоғамдағы бала тәрбиесіндегі ата-ананын орны кеңінен талқыланды.
Өз кезегінде сөз алған Балхаш каласынын бас имамы Аманжолов Марат кажы Пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.с.)-ның жанұядағы шаттық, бала тәрбиесі туралы хадистері келтірілген уағызы жиналған қауымды ұйытып, соңында әр түрлі сауалдармен ұласып жатты.
Жиын соңында мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитеті Балхаш каласынын бас имамы Аманжолов Марат кажыга өз ризашылықтарын білдіріп, осындай жиындардың жиі өтіп тұруын өтінді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы