Center Image
IHSAN.KZ
Бірлескен істе береке бар
Қарағанды қалалық №1-мешітінде ұлық болған Құрбан айттың қарсаңында сенбілік жұмыстары жоспарланып сауапты іс басталды. Осы мерзім ішінде мешіттің ауласына күрделі тазалық жұмыстары жасалады. Күнделікті тазалықтан бөлек осындай ауқымды іске мешіт қызметкерлері толық атсалысып, отбасы мүшелерін де қатыстыруда. «Тазалық иманнан» деген қағидаға сай ұжымдасып атқарылып жатқан істің нәтижесінде мешіт айналасы бұрынғыдан да жақсара түсті. Бас имам Орманбет қажы Болатұлының ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан сауабы мол іс-шара бір ай бойына жалғасын табады. [gallery link="file" columns="4"] Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz