Қыркүйек айының 28-жұлдызында Қарағанды облыстық орталық мешітіне Қабыл қаласының (Ауғанстан) орталық мешітінің Бас имамы, фикһ ғылымдарының докторы, шейх Мұхаммед Аяз Ниази іс-сапармен келді.
Жамағатпен бірге бесін намазына қатысып, уағыз жүргізді. Уағыз имамның атқаратын жұмысының қандай сауапты жұмыс екендігі, ХХІ ғасыр имамы қандай болуы керектігі жайлы, имамдар мен жамағаттың арасында ауызбіршіліктің болуы тақырыбында өрбіді. Бір-біріміздің шалыс басқанымызды аңдып, ақиқатты алыстан іздемей, бес парызымызды дұрыс атқаруға шақырды. Себебі дәл қазір, сөз таластырып, аяқ шалатын уақыт емес, керісінше, бірігетін, бір болатын уақыт. Ислам дінінің өркендеуі үшін алдымен жамағат иман, намаз, ораза, зекет, қажылық жайында толық хабардар болуы қажет. Себебі, ілімнің іргетасы қалай қаланса, беріктігі соған байланысты болмақ.
Тотия Енсебаева Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы