Center Image
IHSAN.KZ
Астананың жаңа бас имамы тағайындалды
Астананың жаңа бас имамы тағайындалды

Астананың жаңа бас имамы тағайындалдыҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Астана қаласы «Нұр Астана» мешітінің бас имамы қызметіне Наурызбай Тағанұлы Өтпенов тағайындалды. ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев мешіт қызметкерлеріне жаңа бас имамды таныстырып, Бас мүфти бұйрығын оқып берді. Ғ.Мәжиев бұған дейін Елордамыздың бас имамдық қызметін атқарған Қалижан Байырбекұлы Заңқоевтың еңбегін, оның бастамасымен жүзеге асқан игі істер жайлы баяндап, Діни басқарманың атынан алғыс білдірді. Наурызбай Өтпенов 1977 жылы туған. Ол 1993-1997 жылдар аралығында Ташкенттегі әйгілі «имам әл-Бұхари» атындағы Ислам институтында ілім алған. 1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы екі жылдық Ислам институтында білімін жетілдірді. Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистрі, дінтанушы, осы оқу орынның тарих факультетінің түлегі. Н.Тағанұлы 10 жылдан астам уақыт аудандық, облыстық, қалалық мешіттерде имам болды. 2006-2011 жылдарда ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы қызметіне тағайындалды. Мемлекеттік мекемелерде де жұмыс істеді. Бірнеше жылдар бойы дін саласында еңбектер жазып, кітаптары жарық көрді. 2013 жылы 3 сәуірде «Нұр Астана» мешітінің бірінші наиб имам қызметіне кірісті. 2013 жылдың 20 қыркүйегінен бастап «Нұр Астана» мешітінің бас имамы және ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкіл имамы қызметін қоса атқаратын болады. Елордамыздың мұсылман жамағатын имандылыққа бастап, адам баласын ақиқат жолына бет бұрғызатын рухани жетекшілік лауазымға лайықты болып табылуыңыз Сіздің діни біліміңіз бен дәрежелі білігіңіздің, ерен еңбегіңіз бен тәжіриебеңіздің жемісі, Өзіңізге жүктелген жоғары сенімнің нәтижесі деп білеміз», - деп ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұжымы, облыс жамғаты ізгі ниеттерін білдіруде. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz