Адамдардың арасында көмекке ең мұқтаж болғандар, туыла салып жалғыз және мұқтаж болып қалған жетім балалар, әлеуметтік жағдайы нашар және науқас балалар. Оларға қамқор болу, қажеттіліктерін орындау, мұсылмандардың негізгі міндеттерінен бірі болып табылады. Мұндай балалар, Алла Тағаланың бүкіл құлдарына аманат. Жақын туыстарынан бастап бүкіл мұсылмандарға бұл аманатты қорғау, міндет ретінде жүктелген. Бұл міндетті орындағандар, Алла Тағаланың және Оның сүйікті пайғамбары Мұхаммед алейһиссаламның разылығына қауышады.
Қыркүйектің 23-жұлдызында ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы мен Зекет қорының облыс бойынша өкілі Базарбай Ағылманұлы «Берёзка» балалар шипажайына барып қуантып қайтты. Демеушілеріміздің бірі Ашимов Төлеген Мұқатайұлының демеулігімен Қарағанды облыстық орталық мешітінің атынан науқас балаларға медициналық аппаратты тарту етті. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын-деген дана халқым. Жасалған жақсылықтар осы дүниеде-ақ адамды басына төнген жамандықтардан сақтаса, арғы дүниеде де – жәннатқа бастар жолдағы кедергілерге ұшыратпауы мүмкін. Қалай дегенде де, жасалған қайырым жоғалып кетпесі анық. Игі істер жалғасын таба берсін деген ниеттіміз.
Тотия Енсебаева Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы