Жастар арасындағы діни жат ағымдардың өрбуі қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Осындай жат ағым, бағыттардың алдын алу үшін Университетке түскен бірінші курс студенттеріне дәстүрлі дін мен теріс ағымдар туралы толық анықтама, түсінік беру мақсатында 2013-2014 оқу жылына арналған „Теріс діни ағымдпардың жастарға ықпалы және оның алдын алу шаралары„ тақырыбында жастармен кездесу жоспары жасалынды. Осыған байланысты, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұйымдастыруымен, қыркүйек айының 19 жұлдызында Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Серік Құрманов бірінші курс студенттерімен кездесу өткізді. Не себепті жастардың теріс жолға түсіп жатқандығы және алдын-алу шаралары жайлы уағыз жүргізіп, сұрақтарға тұщымды жауап берді. Осы жылғы жоспар бойынша, әлі бірталай кездесулер жүргізілмекші.[gallery link="file" columns="4"]
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы