Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды мешіті қос тілде уағыз жүргізудің жолын тапты

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы бұқаралық ақпарат құралдарына берген бір сұхбатында: «Дін насихаты – Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аманаты. Аллаға шүкір, елімізде діннің көркеюіне жағдай жасалуда. Шариғат шеңбері мен Заң талабы аясында кім қандай сауапты амал істеймін десе – өз еркі. Тек шынайы ықылас, жанашырлық, қызметке деген сүйіспеншілік болса жеткілікті» деген еді. Ендеше дін насихатын күшейту алдымен Аллаһтың жердегі үйі көк күмбезді мешіттерді жамағатқа барынша пайдалы, мешітке келушілердің дәстүрлі асыл дініміз жайында молынан ақпарат алуын қамтамасыз ету, мешіттің іші-сыртын көз сүйсінердей жайландыру әрбір дін қызметшісі мен имамдардың негізгі міндеттерінің бірі екендігінде дау жоқ. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы, Қарағанды облыстық орталық мешітінің Бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен Қарағанды шаһарының көркіне айналып үлгерген орталық мешітті қазіргі заманның талабына сай ету мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Ислам дінінің асыл құндылықтарын барынша мешітке келушілерге қолжетімді ету бағытында, демеушілеріміздің бірі „Санноп„ ЖШС директоры Сапар Көшкенұлының көмегімен мешіттің намаз оқитын негізгі залға ұзындығы 3,2 м, ал ені 50 см. болатын электронды жүгіртпе жолы орнатылды. Электронды жүгіртпе жолынан күнделікті ғибраты мол хадистер мен аяттар, хабарландырулар қазақ және орыс тілдерінде беріліп тұрады. Өңірімізде тұратын халықтың басым бөлігі орыс тілді екендігі белгілі. Соған орай бұл жүгіртпе жолы арқылы қасиетті жұма намаздарындағы мінберден қазақ тілінде айтылған уағыз-насихаттың бір мезгілде орыс тіліндегі аудармасы беріліп отырады. Өз кезегінде бұл жаңашылдық орыс тілді жамағаттың уағыз-насихатты еркін қабылдауына мүмкіншілік беріп отыр. Бұл жаңашылдықты құп көрген қарағандылықтар мешітте жасалып жатқан игі істерге алғыстарын да айтып үлгерді.

[gallery link="file" columns="4"] Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz