Қазақ әрқашан қызды жат жұрттық деп санап, қонақ ретінде қараған. Сол себепті қызды еркелетіп қана қоймай, қатаң қадағалап отырған. Осыдан барып, „Қызды қырық үйден тыю„ деген. Себебі, күндердің күнінде әлпештеген қызын тұрмыс құрып, келін атанады. Сол кезде қыздың тәрбиесіне қарап, шешесінің берген тәлімін көреді. Ұзатылған қызға „Артыңнан жаман сөз ермесін„ деген баталы сөз де тегіннен тегін емес. „Қызға қырық үйден тыйым„-тақырыбымен қасиетті жұма күні, 13 қыркүйекте Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қосмағамбетов Бекболат уағыз-насихат тобымен Балқаш қаласында уағыз-насихат жүргізді. Осыдан бір күн бұрын, „Мәзхабтар ұстанудың қажеттілігі мен тарихы„ жайлы уағыз жүргізілгені жайлы да айта кеткеніміз жөн. Жамағатқа уағыз-насихат айтумен шектеліп қана қоймай, сұрақтарға көңіл толарлық жауаптар берді. Жиналған жұрт дән риза болып тарқасты.
Тотия Енсебаева Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы