Center Image
IHSAN.KZ
Уағыз-насихат тобы ел ағасының батасын алды
Уағыз-насихат тобы ел ағасының батасын алды

Уағыз-насихат тобы ел ағасының батасын алдыҚарағанды облыстық орталық мешіті тарапынан құрылған үгіт-насихат тобы өз жұмысын жалғастырып Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Кәрсембай Дархан, қыркүйек айының 13 жұлдызында Шет ауданы, Ақадыр кентінде қасиетті Жұма күнінде уағыз жүргізді. Мейірімділік, рахымшылдық сынды көркем мінездер жайында кеңінен айтылды. Барша мұсылман бауырларын мейірімді болуға шақырды, бір-біріне кешіріммен қарауға үңдеді. Соңынан халықтың қойған сұрақтарына жауап берді. Жиылған жамағат үгіт-насихат тобына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Ел ағасы Сағындық Қанатбаев ақсақал ізгі тілекпен, батасын берді.

Тотия Енсебаева Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz