Center Image
IHSAN.KZ
Шет ауданы имамдары біліктілігін көтеруде

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамның ұйымдастыруымен аудан, ауыл имам молдалардың біліктілігін көтеру мақсатында Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінде тамыздың 29,30,31-де діни семинар өтті. Іс шараға Қарағанды орталық мешітінің ұстазы Тағаев Нұрбол Сайлауұлы ақида,фиқһ пәндерінен арнайы дәріс жүргізді. Семинар барысында қазіргі кезде өзекті мәселеге айналған фиқһ мәселелері жан-жақты талқыланды. Шет аудан имамы келген имам молдалардың үш мезгіл тамағын мешіт асханасынан, жатын орнын ыңғайлап жағдайын жасады.Тамыздың 30 жұма күні Балқаш қаласының бас имамы Аманжолов Марат жұма намазында жиналған жамағатқа уағыз айтып, жұма намазын өткізді. Соңынан ұстаз Нұрбол Сайлауұлы жамағатқа бата берді. Діни семинарға Шет ауданынаң 2 имам,Балхаш қаласынан 2 имам,ауыл молдаларынан 12-кі жалпы саны16 имам молдалар қатысты.

[gallery link="file" columns="4"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz