Center Image
IHSAN.KZ
Имамдардың білімін жетілдіру семинары
Имамдардың білімін жетілдіру семинары

ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкілдігінің ұйымдастыруымен облыс қалалары мен аудандар имамдарының білімін жетілдіру мақсатында семинар өз жұмысын бастады. Алдағы аттестацияға дайындық ретінде семинарда негізінен мұсылман дінінің қағидалары - ақида мен фиқһ мәселелері жөнінде кеңінен әңгіме болып, күнделікті өмірде кездесетін сауалдарға жауап берілді. Сонымен қатар, діни лаңкестік және шетелдік секталармен күрес, оларды әшкерелеу жайлы т.б. ауқымды тақырыптар түсіндірілді. Имамдардың білімін жетілдіру семинарында ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы — Тағаев Нұрбол дәріс оқиды. Семинардан соң қатысушыларға арнаулы куәліктер тапсырылады.

Нұра ауданы

Шет ауданы

Тотия Енсебаева Қарағанды өңіріндегі өкілдіктің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz