Center Image
IHSAN.KZ
Үгіт-насихат тобы Теміртау қаласында
Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының тікелей тапсырмасына сәйкес, тамыз айының 30 — жұлдызында, яғни қасиетті Жұма күні Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамы Қосмағамбетов Бекболат уағыз-насихат тобымен Теміртау қалалық мешітіне барып келді. 1998 жылдан бастап, қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде „Отбасы күні„ деп жарияланған. Сол себепті, ерлі-зайыптылардың өзара жауапкершілігі, демографиялық өсім, отбасы сынды мәселелер жайлы уағыз айтылды. Ұйып тыңдаған жамағат, көкейде ұялаған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды. Ең бастысы – отбасының ұйытқысы неде екенін түсініп, дән риза болып тарқасты.[gallery link="file" columns="4"] Тотия Енсебаева Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz