Center Image
IHSAN.KZ
Түркия бір жазда 3 миллион балаға Құран үйретті

Тамыз айының 23-і күні Түркияда қасиетті Құран курсы бойынша жазғы маусым аяқталды. Аталмыш науқан «Осы жазда Құран аяттарын жүрегімізге тоқиық» деген ұранмен өтті. Құран курстарына жаз бойы үш миллиондай бала қатысқан. Оларға қасиетті Құран, пайғамбарлар тарихы, ислам негіздері оқытылған. «Біздің мешітте өмір гүлі бүр жарғандай болды, – деді курс жетекшісі Туба Качан Эрдем. – Бұрын біздің мешітте бастауыш мектепті бітіргендер ғана оқи алатын еді. Міне, екі жылдың жүзі болды, бұл шектеу өз күшін жойды», – деді ол сөзін сабақтап. Оның айтуынша, осы жазда қасиетті Құран курсынан өткендердің ең кішісі – 5 жаста. Арнайы бағдарлама ойын баласына намаз оқудың қыр-сыры мен Ислам негіздерін оқып-үйренуіне мүмкіндік беретін көрінеді. Осынау істің басы-қасында жүргендер қысқы каникул кезінде де балалар курсын ұйымдастыруды көздеп отыр.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz