
Бүгін PBS телерадио корпорациясы «Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі» атты деректі телесериал көрсетілімін бастайтынын американдық Huffington Post басылымы хабарлайды. Цикл үш сериядан тұрады, 2011 жылы жазылып, ВВС-да режиссер Реджехер Омаармен көрсетілген әр сериясы бір сағатқа созылады. Осы үш серияда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) барлық өмір жолы - алғашқы заң шығару және ислам мемлекеттерінің іргесі қаланған Меккедегі уағыз таратқан кезеңі мен Мәдина қаласына хижрасы. Фильм желісінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Меккеден әл-Құдысқа (Иерусалим) барған керемет түн және Мәдина қаласында өткізген өмірінің соңғы сәттері ерекше бояуға ие болған. Белгілі американдық ғалым Джон Эспозито: «Батыстағы ислам діні және мұсылмандарға деген қорқыныш, түрлі сандырақтарға мұндай сериалдар біршама дұрыс ілім берері сөзсіз»,-дейді. Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі, Тотия Енсебаева
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы