Сингапурлық компания мұсылмандарға арнап ұялы телефон арқылы қолдануға болатын жаңа бағдарламаны ойлап тапты- деп хабарлайды muftyat.kz. Бұл бағдарламаның арқасында, ұшақпен ұшқан адам бағытталған жері жайлы мәліметті енгізуі арқылы қыбыланың қай тарапта екендігін, намаздың тура уақытын біле алады. Бүгінде бұл бағдарлама iPhone, Android жүйесіндегі ұялы телефондарға арналып жасалып жатыр.
Туризм мен қонақ үй кәсібімен айналысатын Crescentrating компаниясы бірнеше айдан кейін «Crescent Trips» атты тегін бағдарламаны өңдеп бітіреді. Бұл бағдарламада мұсылмандар дұғалар мен Құранның сүрелерін аудио жазба арқылы тыңдай алатын болады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы