Тамыздың 14-і күні ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ Бекқожа Қазкенұлы облыстағы қала, аудан имамдарымен жиналыс өткізді. Шарада қала және аудан имамдарының әрқайсысының қасиетті Рамазан айы бойы атқарған жұмыстары, берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есебі, облыстық орталық мешітке беріп жатқан ақпарлары, алдағы қысқа мерзімде атқаратын көрнекті іс-шаралары туралы нақтылы жүзеге асатын жоспарлары тыңдалып, қосымша сұрақтар қойылып, тиісті деңгейде жұмыс жүргізілмей жатқан мешіт имамдарына ескертулер жасалды. Сонымен қатар, Рамазан айында аудан имамдарының атқарған жұмыстарына жекелей баға берілді. ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуә бөлімі меңгерушісінің орынбасары Құрбанов Сансызбай мен ҚМДБ-ның Уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаровтың тапсырмасына сәйкес, қала аудан мешіттерінің арасында семинар өткізілу жоспары қолға алынды. Ал, шәкірттермен істелген жұмыстың қорытынды есебіне келсек, Құран оқу жарысына қатысушы шәкірттер іріктелді. ҚМДБ-ның Қарағанды аймағы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлы Бекқожа имамдарға бүгінгі таңда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы бойынша еліміз өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтырғанын, халық мәдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы Исламның тарихи рөлін танитынын, көпшілік жиналатын орындарда мұсылман тұрғындарын сенім тұрғысынан бөлінуіне жол бермеу мақсатында жергілікті ханафи мәзһабы мен Матуриди ақидасын ұстануды уағыздауды, т.б. айтты.
[gallery link="file"]Тотия Енсебаева, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы