Center Image
IHSAN.KZ
Балалар қайырымдылық шапағатына бөленді

2013 жылғы 13 тамызда Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде ерекше сұранысты қажет ететін балаларға және „Қамқор„ балалар үйі мен Октябрь ауданындағы балалар үйінің бүлдіршіндеріне Қарағанды облыстық орталық мешіті „Мектепке жол„ акциясын өткізді. Балалар үйінен, әлеуметтік мұқтаж отбасылардың балаларына және көп балалы отбасылардын 100 баланы Қарағанды облыстық орталық мешітіне арнайы шақырып, мектепке қажетті заттардың барлығы дерлік салынған сөмкелерді табыстады. Қаламсаптар, түрлі-түсті қарындаштар, дәптерлер – жаңа сөмкелер кеңсе тауарларымен нығыз толықты. Қанық түсті сөмкелерде мектеп оқушысына қажетті заттың барлығы да бар. Облыстық орталық мешіттің ұйымдастырылуымен өткізілген «Мектепке жол» акциясының діттегені қайырымдылық көрсету. Әлем мейірімді жандарсыз емес, бір қарағанда байқалмағанымен мейірімді жандар өте көп. Мүмкіндіктері шектелген балалар туралы сөз қозғағанда оларға қол ұшын бергісі келетін жандар да табылады. Ондай мейірім адам баласы жүрегінің түбінен шығады. Мейірімге толы жанның иманы да зор болары сөзсіз.

[gallery link="file"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz