Ертең мұсылмандардың Ораза айт мерекесі. Мереке күндері мыналарды жасау сүннет:
1. Ерте тұру. 2.Ғұсыл алу. 3. Мисуак қолдану. 4. Хош иіс себу. 5. Жаңа және таза киім кию. 6. Араздарды татуластыру. 7. Қабірлерді зиярат ету. 8. Жүзік тағу. 9. Жылы жүзді болу. 10. Мешітке ерте бару. 11.Мешітке бара жатқанда жай дауыспен тәкбір айту. 12. Мұсылмандарға сәлем беру. 13. Мұсылмандарды құттықтау. 14. Кедейлерге садақа беру. 15. Туыстарды көруге бару. 16. Діндес бауырларымен араласу. 17. Сыйлық апару. 18. Қонақтарды күту. 19. Көп дұға оқу, тәубе ету.
Айт намазы қалай оқылады?
Айт намазы екі рәкаттан тұрады. Жамағатпен бірге оқылады. Бірінші рәкатта субханалладан кейін әр қайсында бөлек тәкбирмен қолды үш рет құлаққа көтеріп, бірінші мен екіншісінде екі жаққа түсіріледі. Үшіншісінде кіндік астында байлайды. Фатиха мен зам сүре оқылып, руку мен сәжде жасалады. Екінші рәкатта тұрып, фатиха мен зам сүрелерін оқығаннан кейін екі қолды тағы да үш рет «Аллаһу әкбар» деп құлаққа көтереді. Үш тәкбирде де екі қолды жанына түсіреді. Төртінші тәкбірде қолды көтермей, руку жасайды. Сәжде жасап, отырғаннан кейін сәлем беріледі. Екі рәкатта неше рет қолды құлаққа апару керектігі оңай есте қалуы үшін «екі таста бір байла, үш таста бір еңкей» деп жаттап алынады.
Қарағанды облыстық орталық мешітінде мерекелік ораза айт намазы бейсенбі күні 08.08.2013 таңғы сағат 7:00де оқылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы