ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық орталық мешітінде қасиетті Рамазан айындағы Бесін намазында оқылған Құран Хатымның тамыз айының 7-жұлдызында соңғы парасы оқылды. Естеріңізде болса, Құран Хатым қылған 12 жастағы қари Әбду Мәлік жайлы мешітіміздің ресми сайтында, республикалық БАҚ-та да жарияланған болатын. Бұл Құран Хатымның сауабы мен дұғасының маңыздылығын ұққан халық күнделікті Бесін намазындағы саптардың санын едәуір көбейтті. ҚМДБ-ның Қарағанды аймағының өкілі, Қарағанды облыстық орталық мешітінің Бас имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы дұға жасап, елімізге ынтымақ пен бірлік, жамағат арасында бір-біріне деген сүйіспеншілік, әрбірінің отбасына береке, мол бақ тілеп, келер Рамазандарға аман жетуімізді Аллаһтан сұрап, сондай-ақ, баталары ел көгертетін ақсақалдар арасынан да үлкені шығып ақ батасын берді. Намаз соңында дұғалар жасалып, жамағаттармен жүздесіп болған соң, қариға арнайы құрмет көрсетіліп, мешіт жамағаты өз рахметтерін білдірді.
[gallery link="file"]Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі Енсебаева Тотия
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы