Шапағаты мол рақымшылық айында жетім-жесірлерді жебеп, қарияларға демеу көрсетудің сауабы мол. Осы орайда, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес, облыстық мешіттің ұстазы Абдрахманов Ысқақтың ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық орталық мешіті қарттар үйінде ауызашар берді. Сейтхан Айтжанов, қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғыны: Шүкір Аллаға, Оразаның ортасы ауып, көбі өтіп, азы қалды. Осы шілденің ыстығында шөлдемей, қарнымыз ашпай, Рамазан айының қасиетіне бөленіп, руһымыз биіктеп жүргенімізге Алла тағалаға ризамын. Шынында да өзіңнен-өзің Алланың осындай күш бергеніне ризашылық білдіріп, Алланың руһына риза боласың. Жалпы, Ораза тұтқан жандарға ауызашар жасап, дәм татқызу - сауабы мол қайырымды амал Ал қарттар үйіндегі игі шара бірнеше рет өткізілді. Ысқақ Абдрахманов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы: Мұндай ауызашарлар, қасиетті Рамазан айында, Құрбан айттарында өздеріңізге деген лебізіміз, ықыласымыз, әрқашанда дәстүр бойынша жалғасып келе жатыр, әлі де жалғаса береді деген сенімдеміз. Баршаңызды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Алла разы болсын! Алла елімізге, жерімізге, қала, дала жұртына амандық берсін. Еліміз тыныш болсын, мемлекетіміздің Тәуелсіздігін баянды қылсын. Баршаңызға Ораза қабыл болсын! Қарттар мен мүгедектер үйінің қамқорлығындағыДариға Бейістің Ораза тұтқанына биыл үшінші жыл. Айтуынша, жаздың аптап ыстығына қарамастан, ауыз бекітіп, Аллаға құлшылық еткен жанға Құдай қуат береді. Айлардың сұлтаны саналатын қасиетті Рамазан айының аяқталуына санаулы күндер ғана қалды. Шілденің 3-нен 4-не қараған түні күллі мұсылман қауымы Қадыр түнін қарсы алса, тамыздың 8-нен Ораза Айт басталады.
[gallery link="file"]Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі Енсебаева Тотия
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы