Center Image
IHSAN.KZ
Жеңімпаздар анықталды

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен, Қасиетті Рамазан айында «Айлардың сұлтаны-Рамазан» атты шығармашылық бәйге жарияланған болатын. Ислам дінін насихаттау, Рамазан айының ерекшеліктерін мұсылман қауымға жеткізу мақсатында өткізілген бәйгеге, қаншама мұсылман бауырларымыз өрелі сөзді өрнектеп, көрген-білгендерін көркемдеп жазып, шығармаларын жолдаған еді. Енді, міне көптен асыға күткен шығармалар бәйгесі өз мәресіне жетті. Қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары Қасиетті Қадір түнінде белгілі болды. Ең үздік шығарма жазған Мақсұтова Индира қызымыз жүлделі 1 – орын мен ноутбуктың иегері атанса, 2- орынды Шынуар Серікбайұлы Samsung Galaxy телефонымен қоса қанжығасына байлады. Ал 3-орынды жеңіп алған Эльвира Әуезова отбасын жаңа фотоаппаратпен суретке түсіріп бір қуантары сөзсіз. Хадисте: «Пайдасыз білім-күнә» делінген. Ал біздің жеңімпаздарымыз бүгінгі түнде өз оқыған-тоқығандарының пайдасын көріп отыр. Жеңісті күндеріміз көп болсын!

[gallery link="file"]

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі Енсебаева Тотия


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz