Адамзат нәсілге, ұлтқа, тілге бөлінер, діни танымы, салт-дүстері өзгешелеу болар. Меклекеттердің саяси ұстанымы, экономикалық әлеуеті, даму деңгейі әрқилы болар. Осы айырмашылықтарға қарамастан, әр адам бұл пәнидегі барша құбылыстарға, қиыншылықтар мен артықшылықтарға жүрек төрелігімен қарайды. Жүрегі қалағанға құлай беріледі, жүрегі жібімегенге жоламайды. Біздің дана халқымыз кешірімге бай, бітімге жақын, жомарттыққа келгенде алдына жан салмайды. Аштықта да, тоқтықта да біреуге сүйемел болуға, қамқор қолын созуға асығып тұрады. Кіріптарға жәрдем жасаудан рухани ләззат тапқан. Сол ізгі үрдіс, әсіресе, жетім-жесірге қамқорлықтан айқын көрініс табады. «Жетім» деген сөз қазақ халқына жат, дегенмен қазіргі таңда қоғамдағы ең бір етек алып отырған өзекті мәселелердің бірі екені ешкімге жасырын емес. Не себепті қоғамда жетім балалар көбеюде, оларға кімнің жаны ашып, кім жәрдемдеседі, кім қамқор болып, кім назарға алуда. Бұл сұрақтарға жауап алу қиын, жауап алсақ та одан қорытынды шығару мүмкін емес. Қазақта «Жетім көрсең жебей жүр», «Жетімнің көз жасы удан да ащы» деген сөздеріне қарамастан жетім мәселесі күрделеніп келе жатқаны жасырын емес. Сол себепті жастардың бойында қайырымдылық сезімін ұялатып, өскелең ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеп, тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға қоғамның назарын аударту үшін, ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық орталық мешітінің қолдауымен біршама игі істер атқарылды. Бүгін қасиетті жұма күні, яғни тамыз айының 2-жұлдызында, мешіттің найб имамы Жақия Мерей , «Шапағат» балалар үйіне барып келді. Қасиетті Рамазан айында, балалар үйінің бөбектері қайырымдылық көмек ретінде бастан аяқ киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Ағаларының мейірімін сезгенде, мұң шалған көңілге жылылық ұялап, бір қуанып қалды. Хадисте:«Кімде кім мұсылмандар арасындағы бір жетімді тамақтандыру үшін үйіне ертіп апарса,(кешірілмейтін үлкен күнә (ширк) істемеген жағдайда) Ұлы Аллаһ Тағала оны міндетті түрде Жәннатына кіргізеді» -деп айтылады. Ендеше, иманды істер Аллаһтың ықыласына бөлене берсін деп тілейміз!
[gallery link="file"]Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі Енсебаева Тотия
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы