Қасиетті Рамазан айында, Тамыз айының 1-і күні ҚМДБ –ның Қарағанды облыстық орталық мешітте ҚМДБ – ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмасымен ауызашар берілді. Ауызашарға облыс, қала басшылары, облыстағы көрнекті тұлғалар, соғыс және еңбек ардагерлері, облысымыздың құрметті азаматтары, ақсақалдар мен апалар, мәдениет пен өнер адамдары, журналистер, зиялы қауым өкілдері, мешіттің белсенді жамағаттары, ораза тұтқан жастар қатарлы жалпы қоғамдық барлық сала өкілдерін қамтыған 350 – ге жуық адам арнайы шақырумен қатыстырылды. ҚМДБ – ның Қарағанды аймағы бойынша өкіл имамы Өмірзаққажы Қазкенұлы жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап,мүфти хазреттің Рамазан айында және ел халқына жолдаған үндеулерінің негізгі мазмұнын таныстырды. Ауызашар барысында дастарханда бас қосқан өңіріміздің игі жақсылары кезекпен сөз алысып жиналған көпшілікпен қасиеті айда жасалатан құлшылық – ғибадат туралы ізгі ойларымен бөлісті. Өкіл имам ата – бабалар рухына бағыштап Құран оқып, дұға жасаса, ақсақалдардың жақсылықтар тілеген мағыналы да көркем баталарымен ауызашар дастарханы байи түсті. Алла тағала ұстағана оразамызды, жасаған жақсылықтарымызды қайырымен қабыл еткей! Тәуелсіздігіміздің тұғыры мен еліміздің еңсесі биік болсын! Жаратушы Иеміз халқымызға берекетін жаудырғай!
[gallery link="file"]Зиялы қауымға ауызашар берілді
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы