ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық орталық мешітінің жанынан құрылған уағыз-насихат тобы облыс аудандарында Рамазан айының маңыздылығы жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
ҚМДБ Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамы Жақия Мерей үгіт-насихат тобымен Шет ауданы, Талды ауылындағы «Сеңкібай би» мешітіне барып, жалпы жұртшылықпен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты: халық көкейіне «Қасиетті Рамазан айының ерекшеліктерін» жеткізу.
Раббымыз жылдың барлық уақытын Рамазан айымен құнды еткен болса, біз де осы айды сыпайылық, нәзіктік және сезімталдықпен өткізуіміз қажет. Өйткені, өмір сырттай қарағанда ұзақ болып көрінгенмен мәңгілік ақіреттің қасында бір айлық Рамазаннан да қысқа. Сол себепті ықыласпен құлшылық ету керек. Мұсылман қауым бір болуы қажет. Бірлігіміз, ынтымағымыз мықты болса, иманымыз күшейіп, жақсы амалдарымыз да көбейеді. Мейілінше көп сауап жинауға жол ашатын Рамазан айында жасалған құлшылықтар басқа кездегіден ерекшеленуі тиіс. Шынайы ықыласпен орындасақ, оның құндылығы арта түседі. Қасиетті Рамазан айының ерекшеліктері көп қой! Мысалға сәресінің маңызы жайлы не білеміз? Сәресі-мүміндерге таңсәрі уақытының берекесін пайдалану тұрғысынан рухани тәрбие кезі. Сәресі уақыты Аллаһ тағаланың құлдарын арнайы шақыру сәті. Құлдың Раббысынан келген нығмет санауы және шүкіршілікпен қарсы алуы қажет. Құран кәрімде мұндай жандар «таңсәріде истиғфар еткендер» -деп мадақталған («Әли-Имран» суресі, 17-аят). Сәресіне, таң намазына ниет етіп тұрған адамға жатқан төсегі, киген киімі, тіпті су құйған құманына дейін дұға қылады екен. Оның бірін білсек, бірін біле бермейміз. Осыдан бөлек қасиетті Рамазан айының қаншама ерекшелігі мен қасиеттері жайлы уағыз айтылды. Уағыздың соңында найб имам тарауық намазының фазилеттері жайында айтып, жамағатпен бірге жұма намазын оқып, батамен тәмамдады.
Уағыз-насихат тобы Шет ауданында
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы