Center Image
IHSAN.KZ
«Айлардың сұлтаны – Рамазан» атты бәйге жарияланды!
«Айлардың сұлтаны – Рамазан» атты бәйге жарияланды!
Қарағанды облыстық орталық мешіті Ислам дінінің асыл құндылықтарын ғылыммен, заман және қоғам талабымен, ұлттық рухани бастауларымызбен ұштастыра қалам тербейтін қарымды қаламгерлердің рухани, танымдық, діни мақалаларына облыстық «Айлардың сұлтаны – Рамазан» атты бәйге жариялайды. Тақырыптар: «Нәпсіңді күзет, өзіңді түзет!» «Ораза – сабыр мектебі» «Рамазан - айлардың сұлтаны» «Бірінші тілек тілеңіз, Бір Аллаға жазбасқа» «Жеңіске толы ғажап ай» Байқауға қатысушы әр адам осы тақырыптар жайлы оқыған-білгенін өз сөзімен көркемдеп қағаз бетіне түсіруі тиіс. Кітапта жазылған сөзді көшіріп басу – шығармашылыққа, әсіресе мұсылманшылдыққа жат екенін естеріңізге саламыз. Бас жүлделерге ноутбук, фотоаппарат т.б. бағалы сыйлықтар ұсынылады. Бәйге талаптары: 1. Мақала қазақ тілінде жазылуы тиіс; 2. Ұсынылған мақала 14 қаріпімен терілгенде, А4 форматындағы 7 беттен аспауға тиіс; 3. Қолданылған жағдайда Құран аяттары мен пайдаланылған әдебиеттердің сілтемелері көрсетілуі керек; 4. Мақаланың электронды нұсқасы мен қатысушы туралы мәлімет (толық аты-жөні, телефон нөмірі, мекен-жайы, қызметі) 2013 жылдың тамыз айының 1 жұлдызына дейін ustaz@ihsan.kz поштасына жіберілуі тиіс. Қоржынға түскен мақалалар мешіттің Ihsan.kz сайтында жарияланып отырады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz