Center Image
IHSAN.KZ
Барак Обама Ақ үйде ауызашар берді
Барак Обама Ақ үйде ауызашар берді

Барак Обама Ақ үйде ауызашар бердіАҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде жыл сайын Рамазан айындағы дәстүрінен жаңылмай, мұсылмандарға ауызашар берді.

Ол ауызашарға шақырылған кейбір кісілерді ерекше атап өтті. «Бақытты отбасы» фирмасын құрған Шази Висрамның ата-анасы АҚШ-қа Пәкістан мен Танзаниядан келген болатын. Обаманың айтуынша, бүгінде бұл фирма балаларға арналған органикалық тағамдар шығарудан көшбасшы орында келеді. Мұсылман Ауним Хосайн сүт безі рагін емдеу құрылғысын жасаған. Әкесі Ливиядан келген Ийя Халил биотехнологиялық зерттеулер орталығын құрып, қазіргі уақытта АҚШ-тағы генетикалық зерттеулерден алдыңғы қатарда келеді.

Президенттің сөзіне қарағанда, АҚШ мұсылмандардың құқығы мен олардың бизнес, инновациялық, қоғамдық істерін қолдайды және көмек беруге мүдделі. Обама өз сөзін «Құранды оқығандар ізігілікті көреді және соның жемісін жейді» деп қорытындылады.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz