Бүгін, яғни шілде айының 25-жұлдызында Қарағанды облыстық орталық мешітте жетіжүзінші неке қиылды. Неке қидырушылар: 50 жастағы Байтам Оралбай мен жары Байтам Бақыт. Куәлерін мешітке ерте келген аға мен тәте, бүгін отбасы құрып отырған жоқ. Осыдан 26 жыл бұрын заңды некелесен жандар. «Кеңес үкіметі кезіңде керек қылмадық, қазір дінге бет бұрып, Алланың алдында некемізді қидыруды жөн көрдік»-дейді. Қасиетті Рамазан айында, Абай ауданы, Сарепті ауылынан арнайы Қарағанды облыстық орталық мешітке келіпті.
Неке қию (араб тілінде - "никах") Исламда жауапкершілік пен адалдықтың, адам жаны мен жүрегінің тынышталуына себепкер болатын игі әрекеттердің бірі болып саналады. Неке қию - адамның Аллаһ, қоғам және өзінің алдында үлкен жауапкершілікке бой ұсынуы. Бір-бірін сүйетін ер мен әйелдің өзара түсіністік, адалдық пен сабырлылық принциптерін ұстана отырып, махаббат пен тыныштықты сақтап, бір-біріне қамқорлық етуге, өмірлерін жайлы жасауға және осы махаббат пен мейірімділік ортасында өз балаларын тәрбиелеп, бақытты да берекелі отбасын құруға бағытталған жауапкершіліктің бір түрі.
700-неке қиылды
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы