Center Image
IHSAN.KZ
Ораза қабыл болсын!
Биыл Рамазан жаз айларының ыстығына дәл келді, соған қарамастан мұсылманның бес парызының бірі-ораза ұстаушылар Аллаға шүкір жылдан-жылға артуда. Ораза адам жаның тазартып, жаман қылықтардан сақтайды. Жаратушы Ие Рамазан айында пенделеріне ораза ұстауды бұйырудағы мақсат, нәпсіні аштық арқылы тәрбиелеу, мұнын мәнісі нәпсі аш болса, дененің басқа ағзалары тоқ болады, ал нәпсі тоқ болса, дененің өзге мүшелері аш болады. Яғни, тоқ нәпсі дене мүшелерін жамандыққа жетелейді, ал оразамен жүрек тазарады. Адам бойында өзін-өзі қадағалау және нәпсіні тежеу қабілеті пайда болады. Ал, өзін-өзі қадағалаумен нәпсіні тежей білу тақуалық сипаттамасына жатады. Осы себептен Хақ Тағала «Бақара» сүресінің 183-ші аятында: «Ей, муминдер! Бұрыңғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза парыз етілді. Тақуалық еткен боларсыңдар», - деген. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде «ораза ұстағанның ұйқысы – ғибадат, үндемегені – (Аллаға айтылған) мадақ! Жақсылықтары мен ғибадаттарына еселеп сауап жазылады. Оның дұғасы қабыл етіліп, күнәлары кешіріледі», «Рамазан айына жете тұрып, Алла тағаланың рақымы мен кешірімінен мақұрым қалған адамның жағдайы қандай өкінішті» -деп, мұсылмандарды рақым нұры төгілген бұл айдың берекетінен құр қалмауға шақырған. Сонымен қатар ораза ұстаған адамға ауызаштыруда сауап, сауаптарын артыра түсу мақсатында мұсылмандар бір-бірін ауызашарға шақырып жатады. Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде де рамазан айының қарсаңында мешітке жиналған жамағатқа ауыз аштыру жылдан жылға көбейіп биылда «Бала қажы» мешіт асханасында ауызашар беріліп жатыр Аллаға сансыз шүкірлер болсын, мұсылман бауырларымыз көбею үстінде. «Бала қажы» мешіт асханасында 20.07.2013 ж 120 кісіге ас беріліп, бас имам Нуров Махмуд қажы Қасиетті рамазан айымен құттықтап, жиналған мұсылман бауырларға оразаның қасиеті туралы уағыз айтып және Туркия Республикасынан келген қариларымыз Құран оқып бата беріп тамамдады. Ел- жұртымызда осындай ауызашарлар болып, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. [gallery link="file"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz