Ұлық болған қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу мақсатында тұрмысы төмен адамдарға, көпбалалы отбасыларға материялдық көмек, азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ете отырып, қайырымдылық шараларды кеңінен атқаруды міндеттеген Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмасының аясында отыз күнге отыз қайырымды іс жоспарланған болатын. Осы мақсатта №-1 мешіттің бас имамы Орманбет қажы Болатұлы Октябрь ауданы, 12-мөлтек ауданында тұратын жеті баласы бар жалғызбасты ананың отбасына арнайы барып, азық-түлік пен киім-кешек, кілем төсеніштер тарту етті. Әлсіздер мен міскіндерді қорғауына алған асыл дініміз Исламда жетімдерге жақсылық жасау, оларға қамқор болу Алланың ризалығы мен пайғамбарымыздың с.ғ.с шапағатына ие болатын ізгі амалдардан болып саналады. Аллаһтың қасында ең жақсы көрінген үй - ішіндегі жетімге құрмет көрсетілген үй болып саналады. Жетімдер мен міскіндерге қамқор көрсетіп сөзімен де, ісімен де жәрдем ету- әр азаматтың міндеті болуы тиіс. Қайырымдылық қанат жайып, сүйіспеншілік салтанат құрған елдің болашағы баянды болмақ.
[gallery link="file"]
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Қайырымдылық іс қанат жайды
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы