Center Image
IHSAN.KZ
Рамазан берекетімен қиылған неке

Қарағанды облыстық орталық мешітінде қасиетті Рамазан айында ерекше неке қию рәсімі өтті. Некелескендер қазақ жігіті – Олжас Дурмағанбетов пен орыстың Айша (Анастасия) Дурмағанбетова аруы. Жарық дүниеге Жаратқанның бұйрығымен қыз бала болып келген жаратылыс иелерінің барлығы бой жетіп, кезі келгенде оң босағадағы орнын ақ шымылдықтың ар жағындағы жаңа өмірге айырбастауы, солайша бір үйдің, бір әулеттің келіні болуы заңдылық. Міне бүгін Айша есімді сұлу да ақ босағадан аттап, келін атанбақ. Естеріңізге сала кетейік, неке қиылмастан бұрын Настя тілін кәлимаға келтіріп, Исламды қабылдаған еді. Айша қызымыз тек бір әулеттің ғана емес бүкіл ұлттың келіні» деген абыройлы атаққа қол жеткізсін. Екі жастың некесін қиған имамның айтуынша, бұл бірінші жағдай емес, соңғы кездері Ислам дінін қабылдап жатқан басқа дін өкілдері көп көрнеді. Хақ дін Исламның артықшылығын түсінген олардың бір ерекшелігі, дінді қабылдаған соң оған өте берік болады. Таухидтен таймайды, қайта адаспауға тырысып, Алладан соны сұрайды екен. Бұл жаңалық біздің ата дінге селқос қарайтын бауырларымызға, мұсылман отбасында мүмин болып дүниеге келсе де ашылып-шашылып дінді аяқасты етіп жүрген қандастарымызға сабақ болса екен деп Аллаһ тағладан тілейміз. Босаға аттағаннан аяқ алысын сынап, қадамы құтты келінді күтетін халқымызда той көп болсын! Ұлымыз ұятты, қызымыз абыройлы болғай!

[gallery link="file"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz