Center Image
IHSAN.KZ
Facebook желісі «мұсылман күнтізбесі» опциясын іске қосады

muslim.kz сайтының жазуына қарағанда, бастапқы кезде бұл опция Сауд Арабиясында іске қосылады. Содан соң, өзге де мұсылман елдері төл күнтізбесін пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Осыған байланысты аталмыш әлеуметтік желінің Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағының директоры Джонатан Лэбин жаңа опция саудиялықтарға таныстарымен хабарласуға кеңінен мүмкіндік беретінін мәлім етті. Тоқтала кететін жайт, Facebook-ты шамамен әлем халқының 1,1 миллиард тұрғыны пайдаланатын көрінеді. Қазіргі уақытта осынау әлеуметтік желі Дубайдағы кеңсесі арқылы Таяу Шығыстағы өзінің әлеуетін арттырып келеді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz