Center Image
IHSAN.KZ
Мұсылман елдердің экономикасы қалай?
Мұсылман елдерінің экономикасы сын көтермейді. Қазіргі уақытта 10 мұсылман елі сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан әрі экономикасы «көтерем» мемлекеттердің тізімінде тұр. Ислами сауда-экономикалық палатаның жетекшісі Салех Кәміл осындай мәлімдеме жасады. Бұл жайында al-Arabiya басылымы хабар таратты. Сондай-ақ, ол көңілге кірбің түсіретін статистикамен шектеліп қалмай, жағымды деректерді де алға тартты. Оның айтуынша, әлемдегі экономикасы дамыған 20 елдің арасында үш мұсылман мемлекеті бар: Түркия, Индонезия және Сауд Арабиясы. Соңғы он жылдың ішінде Түркия экономикасының қарыштап дамығанын, индустриясы өркендеген елге айналғанын тілге тиек етті. Түркияның Еуропа экономикасын түбегейлі өзгерткенін жеткізді. Сарапшы Индонезияның жетістігіне де оң баға берді. «Ислам экономикасы бірде-бір мұсылманның көңілінен шықпайды. Мұсылман елдеріне Аллаһ берген мүмкіндіктермен салыстырғанда көңіл көншітпейді. Мұсылман елдерінің жалпы ішкі өнімі 2011 жылдың есебі бойынша 69,7 трлн-ға жетеқабыл әлемдік көрсеткіштің 9 трлн-ын құрайды. Мұсылман елдерінің территориясы мен халық санына шаққанда бұл көрсеткіш түк емес», – деді ол сөзін толықтырып.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz