Center Image
IHSAN.KZ
Google мұсылмандарға арналған парақшаны шығарды
The Express Tribune-нің хабарлауынша, жақында мұсылмандарға арналған «халал Google» іздеу жүйесі жарыққа шықты.
Жаңа парақша ислам қағидаларына, мәдениетіне, талаптарына сәйкес құрылды. Halalgoogling парақшасы Google парақшасына ұқсас қызмет атқарады. Екеуінің айырмашылығы тек Halalgoogling исламға қайшы мағлұматтарды оқшауландырып, барлық келіп түсетін ақпараттарды сараптау арқылы шығаратынында ғана. Сонымен қатар Halalgoogling парақшасында көргенсіз, ұятсыз фильмдер, гомосексуалдық, бисексуалдық, құмар ойындарды насихаттайтын мәлімет болмайтынын The Daily Caller хабарлады.
Бүкіл әлемнен жиналған сарапшылар жаңа жобаны іске асыру үшін бірнеше жыл бойы тынымсыз жұмыс атқарды. Сонымен қатар жаңа жобаның іске асуына қазіргі ғаламтордағы мағлұматтардың жастар тәрбиесіне кері әсер етуіне алаңдаушылық білдірген әлемдегі 1,5 млрд мұсылмандарың сұранысы себеп болды.
Жаңа парақшаны құрастырушылар былай дейді: «Біз бұл парақшаны мұсылмандарға арнап шығардық. Halalgoogling парақшасының құрылуының басты мақсаты  әр мұсылман өзіне қажет қызықты ақпаратты тауып, бүкіл мұсылман қауымы бұл парақшамен қанағаттанарлықтай етіп құрастырдық».
Ақпарат көзі: ҚМДБ ресми сайты.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz