Бүгін ғана емес, бірнеше жылдар бойы қайталанып келе жатқан бұл керемет жұмбақтың мәнін, сіз ойлап көрдіңіз бе? Аллаһ деген жазудың бұзаудың бүйірінде, алмада көрініс берген оқиғалардың Қазақстанда да әлденеше рет қайталанғанына ел куә. Қарқылдап тыным таппайтын, қаптаған қарғаның ғажайыбы туралы әңгіме, қайбір елде арыстан ақырып, өгіз өкіріп Жаратушының атын атағанын білеміз... денесінде күллі әлемнің иесінің есімі арабша таңбаланған қозы туғаннан да хабардар болдық, тіптен енді ғана дүние есігін шырылдап ашқан сәбидің денесінде, туа пайда болған сүрелерді де көріп таң қалғанбыз. Мұның бәрі ел ішінде қандай да бір қиын жағдай, әділетсіздік көбейсе, не болмаса қасиетті айларда, Аллаһ түрліше жолдармен өзінің барын еске салып қоятын секілді. Сондықтан бұған жай құбылыс деп қарауға болмайды. Естеріңізде ме, ғарышқа көтерілген америкалық бір азамат ғарышта жүріп Азан шақырған дауысты естіпті. Жерге оралған соң, ол азанды мешіттен естігенін есіне түсіріп, бірден ислам дінін қабылдаған. Өкінішке қарай, кейде адамдар пендешілікке салынып артық әрекеттерге барып жатады. Осындай астамшылық болған жерде рахымы мол Аллаһ пенделеріне өзінің бар екенін, бәрін көріп отырғанын естеріне салып қояды.
Қарағанадыда да, дәл Рамазан аймен тұспа-тұс, мынандай керемет болған еді. Смақов Ержан ағамыз Қарағанды облыстық орталық мешітке жұмыртқа әкелді. Әлгі жұмыртқада үш мәрте Аллаһ деген сөз жазылыпты. Мұндай жұмбақ жаратылыс еріксіз таңдай қақтырады. Ендеше, Алланың барына шүбә келтірмейік. Әр нәрсенің өз шегі болады емес пе, сол сияқты өмірдің де шегі бар екенін, әр істелген істің қайтарымы бар екенін, әсте есімізден шығармайық!
[gallery link="file"]
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы