Шығыстың ұлы ғұлама ғалымы Әл – Фараби: «Адамның бойындағы ең асыл да, сұлу қасиет – қайырымдылық», - деген еді. Қасиетті Рамазан айының алдынан қала мешітінде қалалық ішкі саясат бөлімі мен қаламыздың «Нұр» мешіті әлемді күлкісімен тербеткен сәбилерге қамқорлық жасап, риясыз алғыс пен Алланың ырзалығына бөленді.
Бұл игі шара «Қош келдің, Рамазан!» атты акция аясында 8 шілде күні атап өтілді. Алланың үйі саналатын қалалық мешітке 100 – ден астам бүлдіршіндер келіп, ұйымдастырылған шараға қатысты. Олар құмарлана мәз болысып, өздерін екі алақанын жайып, құшағына шақырып тұрған Санта Клаусты үрлемелі батутта және айналасы тормен қапталған жиналмалы отырғышта еріксіз секіріп ойнап, жүздері шаттықтан бал-бұл жанды. Кезекке тұрып, тәртіппен ойнап, кеуделері қуанышқа толған сәбилердің күлкісі ата – аналарының, ата – әжелерінің төбесін көкке жеткізді. Иә, қазір көшелердегі және аттракциондардағы батуттарға бара қалсаңыз 10 минут ойнау үшін 200 теңге төлейсіз. Бұған барып, өз балаларын ойнатуға біреулердің жағдайы келеді, ал біреулердің жағдайы келе бермейді. Мұны жақсы түсінген балалар тегін ойын алаңында құлшына ойнап, қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға қайта – қайта шексіз алғыстарын айтты.
Шара барысында қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы С.Нұрмағанова, қалалық мешіттің бас имамы Қ.Құмар қасиетті Рамазан айы жайында насихаттар, уағыздар айтып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өсиеттерін таратып, имандылыққа шақырды. Мешіттің наиб имамы Н.Байкешев аруақтардың рухына құран бағыштады. Бұдан кейін ойыннан рахат алып, айызы қанған балаларға балмұздақ таратылып, әбден қуанышқа бөледі.
Өз перзенттеріне жасалып жатқан осыншама қамқорлық пен қайырымдылыққа сүйсінгендей, ата – аналар рахметін білдіріп, қала мешітін алғыстарға толтырды. Қасиетті Рамазан айында көрсетілген бұл қайырымдылық қала тұрғындарының, әсіресе бүлдіршіндердің есінен ешқашан кетпесе керек.
[gallery link="file"] А.Рызақұлұлы
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы