Center Image
IHSAN.KZ
Рамазан айының артықшылығы насихатталды

Қарағанды облыстық баспасөз клубында жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы мен наиб имам Құрманов Серік мұсылман қауымының қастерлі айының бірегейі Рамазанның басқа айлардан ерекшелігі мен қасиеттері турасында және ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің ұлық айдағы үндеуін кеңінен қамтып баспасөз конференциясын өткізді. Ел мүддесі үшін ұсынылған үндеуді кеңінен тарқатып, рамазан айындағы атқаратын құлшылықтардың екі дүниедегі сауабы жайында сөз етті. Сондай-ақ, көпшіліктің көкейінде тұратын оразаға қатысты бірнеше сауалдардың басын ашып, шариғи үкімдермен жауап берілді. Фитр (пітір) сөзінің мағынасы және биылғы пітір садақа мөлшері мен оны кімдерге берілуі қажеттігінен хабардар етілді. Имамдар екі тілде өткізілген кездесуде тілшілер тарапынан қойылған сауалдарға халықтың оразаға деген ықыластарын тербетіп оятатын деңгейде тұщымды да көркем жауаптар берді.

[gallery link="file"]

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz